Accessibility links

Түркіменстан президенттің өкілетті мерзімін ұзартпақ


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов.

Түркіменстан парламенті депутаттары конституциядағы президенттікке үміткердің жасы 70-тен аспауы тиіс деген талапты өзгертуді қарастырып жатыр.

Түркіменстан мемлекеттік ақпарат құралдарының бүгін парламент спикері Акджа Нурбердыеваға сілтеме жасап хабарлауынша, конституциялық комиссия бұған қоса президенттің өкілетін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуды қарастыруы мүмкін.

Конституцияға мұндай өзгерістер енгізу 57 жастағы президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің өмірлік президент болуына мүмкіндік тудырады.

2006 жылы бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болған соң билікке келген Бердімұхамедов 2012 жылы жалпыхалықтық сайлауда ресми есеп бойынша 97 пайыз дауыс жинап қайта сайланған. Халықаралық бақылаушылар ол сайлауды я еркін, я әділ өтпеді деп сынаған.

Табиғи газға бай Түркіменстан әлемдегі ең репрессивті мемлекеттердің бірі саналады. Бұл ел 1991 жылы Совет одағы құлап, тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта еркіндік пен демократия деңгейі жөнінен ең төменгі орындарды иеленген.

XS
SM
MD
LG