Accessibility links

Донбасс: Марьинкада ұрыс жүріп жатыр


Марьинка елді мекеніндегі бекінісінде тұрған украин әскерилері. Донецк облысы, Украина, 5 маусым 2015 жыл.
Марьинка елді мекеніндегі бекінісінде тұрған украин әскерилері. Донецк облысы, Украина, 5 маусым 2015 жыл.

Украина шығысындағы Донецк облысының Марьинка елді мекенінде украин әскерилері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр деп хабарлады "Киев-1" батальонының кураторы Евгений Дейдей Facebook-тегі парақшасында.

"Танктер мен минометтер шабуылға тіке қатысып жатыр. Екі жақ бір-біріне жақын ұрысып жатыр. Төтеп береміз! Төтеп беруге міндеттіміз. Украина жасасын"" деп жазады Евгений Дейдей.

Кеше Марьинка е,лді мекені маңында 10 сағатқа жуық уақытқа созылған ұрыс болған. Ұрыстан кемінде 30 украин сарбазы мен төрт бейбіт тұүрғын жараланған.

Ауыр артиллерия мен танктер қатысқан ауқымды ұрыс қимылдары 3 маусымға қараған түні қайта басталған. Сепаратистер Марьинканы атқылаған. Украин әскерилері Марьинканы қорғап қала алғанымен, сепаратистер шабуылды тоқтатқан жоқ. Украин әскерилері жергілікті тұрғындарды басқа жаққа көшіріп жатыр.

Украина қорғаныс министрі Степан Полторак Украина-НАТО парламентаралық кеңесінің жиынында Донбасстағы қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енгелі бері жүзден астам украин әскерилері мен 50-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған.

Украина президентінің Донбасстағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша өкілі Ирина Герашенконың сөзінше, қазір сепаратистер қолында 300-ден астам адам тұтқында отыр.

XS
SM
MD
LG