Accessibility links

Дания: Парламент сайлауында оппозиция озып тұр


Данияның оппозициялық Дания халықтық партиясы жетекшісі Ларс Расмуссен.

Данияның оппозициялық Дания халықтық партиясы жетекшісі Ларс Расмуссен.

Данияда 18 маусымда өткен парламент сайлауындағы дауыстардың 90 пайызын есептегендегі нәтиже бойынша оңшыл оппозициялық Дания халықтық партиясы алда келеді. Елдегі иммиграцияға тежеу қоюға уәден берген оппозиция жетекшісі Ларс Расмуссен блогы басқарушы солшыл коалициядан басым тұр. Дания халықтық партиясы 179 орындық парламентте басымдыққа ие болуға қажетті әзірге 90 орынды иеленген.

Дания премьер-министрі Хелле Торнинг-Шмидт сайлауда жеңілгенін мойындады. Ларс Расмуссен жаңа үкімет құруға кірісетінін мәлімдеді.

Данияның мемлекеттік ВК телеарнасы оппозициялық партиялардың парламентте 90 орынға, солшыл партиялардың 85 орынға ие болғанын хабарлады.

Данияда сайлауалды кампаниясында саяси партиялар әлеуметтік шығындар, экономика мен иммиграция мәселелерін талқылаған. Расмуссен мен Торнинг-Шмидт екеуі де жеңіске жетсе Даниядағы иммигранттарға бақылауды күшейтуге уәде берген.

Бұрынғы премьер-министр Ларс Расмуссен Данияда шекаралық бақылауды қалпына келтіруді қолдайтынын да білдірген. "Мен Данияның ашық болғанын қалаймын. Бірақ Дания біздің елімізді қаламайтын адамдар үшін жабық болғаны жөн" деген Расмуссен.

XS
SM
MD
LG