Accessibility links

Навальный мен Яшинге Ресей өтемақы төледі


Алексей Навальный (сол жақта) мен Илья Яшин.

Алексей Навальный (сол жақта) мен Илья Яшин.

Ресей үкіметі оппозициялық белсенді Алексей Навальный мен Илья Яшинге өтемақы төледі. Оларға өтемақы төлеу туралы шешімді адам құқықтары бойынша жұмыс істейтін Еуропа соты шығарған.

"РИА Новости" агенттігіне Ресей әділет министрлігі берген мәліметке қарағанда, екі белсендінің әрқайсысына 26 мың еуро (ЕО валютасы) көлемінде өтемақы төленген.

Яшин мен Навальный 15 тәулікке қамау туралы Мәскеу сотының үкіміне қарсы Еуропа сотына шағым түсірген еді. 2011 жылы 5 желтоқсан күні заңсыз шеру ұйымдастырды деген айыппен олар 15 тәулікке қамалған болатын.

Белсенділер арызы негізінде Страсбург соты Ресей Адам құқықтарын жөніндегі Еуропа конвенциясының төрт бабын бұзды деген үкім шығарған.

XS
SM
MD
LG