Accessibility links

Астана күні мерекелік шаралары өтіп жатыр


«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпелілер мәдениетінің фестивалі. Астана, 3 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпелілер мәдениетінің фестивалі. Астана, 3 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін ел астанасында концерттік бағдарламалар мен фестивальдар өтеді. Күн соңында дәстүрлі мерекелік отшашу берілмек.

Астана күні мерекелік шарасы ресми түрде сенбі күні «Атамекен» этно-мемориалдық кешені алаңында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталған.

Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылы шілденің 6-ы күні Жоғары Кеңес қабылдаған. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген.

Бастапқыда маусым айында аталып өтілетін бұл Астана күні 2008 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG