Accessibility links

Түркіменстан үкіметінде бірнеше шенеунік қызметтен алынды


Түркіменстан үкіметінің кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Түркіменстан үкіметінің кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің жоғары шенді бірнеше шенеунігін "коррупция және бюджет қаржысының кем шығуына" байланысты қызметтен босатты деп хабарлады бүгін мемлекеттік ақпарат құралдары.

9 шілдеде өткен үкімет жиынында Бердімұхамедов экономика және даму министрін, премьер-министрдің экономика және қаржы саласына жауапты орынбасары мен ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасарын қызметтен босатқан. Бердімұхамедов министрліктерді әлемдік экономикалық дағдарыстың Түркіменстан экономикасына әсерін бағамдай алмады деп айыптаған. Президенттің сөзінше, елдің экономика мен қаржы саласында "парақорлық жиі кездеседі".

"Президент соңғы кезеңде банк, салық және қаржылқ қызмет көрсету саласының 80 қызметкері түрлі қылмыс жасап сотталғанын айтты" деп хабарлады мемлекеттік телеарна.

Көмірсутегі щикізатына бай Түркіменстан әлемде газ қоры жөнінен төртінші орын алады.

Халықаралық валюта қоры Түркіменстанның экономикалық өсімі 2014 жылғы көрсеткіш - 10,3 пайыздан биыл 9 пайызға дейін азаяды деп болжайды. Халықаралық валюта қоры бұған газ экспортынан түсетін табыстың азайып, мемлекеттік инвестицияның төмендеуі себеп дейді.

XS
SM
MD
LG