Accessibility links

«Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі ашылды


«Мәңгілік ел» халықаралық фестиваліндегі қазақ ұлттық музыка аспаптары жәрмеңкесі. Талғар ауданы, Алматы облысы, 25 шілде 2015 жыл.

«Мәңгілік ел» халықаралық фестиваліндегі қазақ ұлттық музыка аспаптары жәрмеңкесі. Талғар ауданы, Алматы облысы, 25 шілде 2015 жыл.

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы аясында алғаш рет «Мәңгілік ел» фестивалі басталды.

Шара аясында ұлттық ойындар мен ат спортынан жарыстар, ойын-сауық бағдарламалары, қолөнер бұйымдары мен ұлттық аспаптар жасайтын шеберлердің қолынан шыққан заттар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Мәңгілік ел» фестивалі шілденің 27-іне дейін жалғасады. Сенбі күні ат спорты мен қазақ күресінен жарыстар өтті. Ертең садық атудан «Алтын мерген» дәстүрлі мергендер сайысы өтпекші. Оған Болгария, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Түркия және Түркіменстаннан өкілдер қатысады.

Сонымен бірге «Тұрыл» атты құс аулау жарысында бүркіттің ұшу жылдамдығы, қаршыға мен ителгі құстарының аң аулау шеберлігі сынға түседі.

«Мәңгілік ел» фестивалінен фотогалерея:

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG