Accessibility links

Қазақстандық боксшы олимпиадаға жолдама ала алмады


Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов.

Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов.

Азия ойындарының чемпионы Ілияс Сүлейменов AIBA Pro Boxing-тің олимпиадалық турнирінің ақтық кезеңіне шыға алмады.

Ақтық кезеңге шығу және олимпиадаға жолдама алу үшін өткен жекпе-жекте 52 килограмм салмақта Ілияс Сүлейменов мексикалық Элиас Эмиджиодан жеңілді.

AIBA Pro Boxing турниріне Қазақстан атынан бес боксшы қатысқан. Олимпиада жолдаманы боксшылар Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов ұтып алды. Ауыр салмақтағы Антон Пинчук ақтық кезеңге шыға алмай, олимпиада жолдамасына ие бола алмады. Бұған дейін олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те турнирден шығып қалған.

XS
SM
MD
LG