Accessibility links

Алматыда ескі ғимаратты қорғаушылар Астанаға хат жіберді


Алматыда ескі ғимаратты қорғаушылар "Қазпошта" бөлімшесінде Астанаға хат жіберіп отыр. 4 тамыз 2015 жыл.
Алматыда ескі ғимаратты қорғаушылар "Қазпошта" бөлімшесінде Астанаға хат жіберіп отыр. 4 тамыз 2015 жыл.

Бүгін Алматының орталығында Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы ескі ғимаратты сүруге қарсы бірнеше белсенді Астанаға хат жолдады. Бас прокуратура, қаржы министрлігі мен мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес агенттігіне жазған хатында белсенділер ғимаратты сүргізбей, Алматының орталық келбетін сақтап қалуды сұрайды. Белсенділердің айтуынша, 60 адам қол қойған хат "Қазпоштаның" Алматыдағы орталық бөлімшесінен жіберілген.

Алматының кейбір тұрғындары үш апта бойы әрбір кеште Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы 1954 жылы салынған ғимараттың жанында флешмоб өткізіп келеді. Олар акцияларын "Алматыны қорғайық!" деп атайды. Ескі ғимаратқа келгендер қала туралы әндер айтып, арлы-берлі өткен тұрғындарды өздерінің Алматының тарихи келбетін сақтап қалу ұмтылысына қолдау көрсетуге шақырады.

Аталған ғимаратқа иелік ететін компания сүруге қатысты талас туындағанда "ғимарат кешенінің жай-күйі нашар, оны ары қарай қолданса қауіп төнеді" деп мәлімдеме таратқан. Компания бұған қоса ғимарат кешені тарихи нысан емесін, бұрын да жергілікті деңгейде маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіштері тізіміне енбегенін айтады.

"Алматыны қорғайық!" акциясы (28 шілде 2015 жыл):

«Алматыны қорғайық!» акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

XS
SM
MD
LG