Accessibility links

Чемпиондар лигасы: "Астана" іріктеудің плей-офф кезеңіне шықты


"Астана" мен ХИК командалары арасындағы матч. Астана, 5 тамыз 2015 жыл.

"Астана" мен ХИК командалары арасындағы матч. Астана, 5 тамыз 2015 жыл.

Қазақстандық «Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шықты.

Тамыздың 5-і күні өткен мачта «Астана» өз алаңында Финляндия чемпионы «ХИК» командасынан алғашқы таймның басым бөлігінде 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ойын соңына дейін 4:3 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» командасының плей-офф кезеңіндегі бәсекелесі тамыздың 7-і күні өтетін жеребеден кейін белгілі болады. Егер Қазақстан чемпионы плей-офф кезеңінен сүрінбей өтсе Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады.

«Астана» қазірдің өзінде Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып қойған.

Чемпиондар лигасы – Еуропадағы дәрежесі ең жоғары турнир. Ал Еуропа лигасы дәрежесі жағынан екінші деңгейлі жарысқа жатады. Қазақстан клубтары әзірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықпаған. 2013 жылы Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған.

XS
SM
MD
LG