Accessibility links

Украина әскері мен сепаратистер қақтығысты


Украина әскерінің солдаты.
Украина әскерінің солдаты.

Украиналық әскерилердің мәлімдеуінше, Донецк облысында сепаратистермен атыста бір украиналық солдат мерт болып, тоғызы жарақаттанған.

Украина қарулы күштері бас штабының жетекшісі Владислав Селезневтің айтуынша, "Украина әскері Донецк пен Мариуполь арасындағы Староигнатьевка ауылын қорғаған".

Украина президенті баспасөз хатшысы Андрей Лысенко "400-ге жуық сепаратист БТР мен танк мініп, Украина әскерилеріне шабуыл жасағанын" айтады.

Ал өзін "Донецк халық республикасы" (ДХР) "қорғаныс министрі" деп жариялаған Эдуард Басурин "әуелі Украина әскері шабуыл жасады, біздің жауынгерлер сол шабуылды тоқтатуға күш салды" деп мәлімдеді. Басуриннің айтуынша, олардың "екі танкісі, бір БТР-ы және ракета тасығыш машиналары қираған".

2014 жылы сәуірде басталған Украинаның шығысындағы әскери қақтығыстан 6 мың 400 адам мерт болған. 2015 жылы ақпанда Минскіде бітім жөнінде келісім жасалғанымен, ол жиі бұзылып келеді.

XS
SM
MD
LG