Accessibility links

Астана мен Исламабад бірнеше құжатқа қол қойды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (сол жақта) пен Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф. Астана. 25 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (сол жақта) пен Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф. Астана. 25 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов сейсенбі күні Астанада Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифпен кездесіп, экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңіту туралы келіссөздер жүргізді деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, екі үлдің үкімет басшылары инвестициялық саладағы, энергетикалық сектордағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері жайын талқылап, Қазақстан мен Пәкістанның іскерлік серіктестігін одан әрі тереңдетуге келіскен.

Келіссөздер қортындысында тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойған.

XS
SM
MD
LG