Accessibility links

"Талибан": Молла Омардың 2013 жылы өлгені рас


"Талибанның" бұрынғы басшысы Молла Омар.
"Талибанның" бұрынғы басшысы Молла Омар.

"Талибан" қозғалысы бұрынғы басшысы Молла Омардың өлімін екі жыл бойы жасырын ұстағанын мойындап, оның алғаш Ауғанстан барлау қызметі хабарлағандай 2013 жылы қаза тапқанын растады.

"Талибан" биылғы жылдың шілдесіне дейін Молла Омардың атынан түрлі мәлімдемелер жасап келген еді. "Талибанды" құрушылардың бірі әрі оның жетекшісі болған Молла Омардың өзі қозғалыс 2001 жылдың соңында Ауғанстандағы биліктен кетірілгеннен бері көпшілік алдына шықпаған. Қозғалыс таратқан мәлімдемеге қарағанда, Молла Омар 2013 жылдың 23 сәуірінде қаза тапқан.

Қозғалыстың мәлімдеуінше, "Талибанның" басқару кеңесіндегі бірнеше басты мүшесі мен дін ғалымдары бірге Молла Омардың өлімі туралы ақпаратты жасырып, оны "тек шағын басқару тобындағы бірнеше адам білуі тиіс" деп шешкен. "Талибан" мұндай шешім қабылдауға НАТО-ның Ауғанстандағы әскери іс-қимылын 2014 жылдың соңында аяқтау туралы мәлімдемесі себеп болды дейді.

Биыл Ауғанстан билігі Молла Омардың 2013 жылы сәуірде Пәкістанның Карачи қаласында ауруханада белгісіз аурудан өлгенін хабарлаған. Кейін «Талибан» өкілі Молла Омардың өлгенін растағанымен, нақты қай кезде қаза болғаны жайлы ақпарат бермеген.

XS
SM
MD
LG