Accessibility links

Боксшы кіші Рой Джонс Ресей азаматтығын алды


АҚШ боксшысы кіші Рой Джонс (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Севастополь, 19 тамыз 2015 жыл.

АҚШ боксшысы кіші Рой Джонс (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Севастополь, 19 тамыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен америкалық боксшы кіші Рой Джонсқа Ресей азаматтығы берілді деп хабарлады бүгін Кремль сайты.

«1969 жылы қаңтардың 19-сы күні Америка Құрама Штаттарында дүниеге келген кіші Рой Джонстың Ресей Федерациясы азаматтығын алу туралы берген өтініші қанағаттандырылсын» делінген президент жарлығында.

Бокстан әлем чемпионы кіші Рой Джонс екінші азаматтық алу туралы жоспарымен Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде 19 тамызда президент Владимир Путинмен кездесуде айтқан. Келесі күні ол өзіне Ресей азаматтығын беруді сұрап өтініш жазған.

Қырымда болып қайтқан Рой Джонсты Украина билігі мемлекеттік шекараны бұзған адам ретінде «қара тізімге» алып, оған ел аумағына кіруге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG