Accessibility links

Путин "Ислам мемлекеті" тобын айыптады


Ресей президенті Владимир Путин Собор мешітінің ашылу салтанатында сөйлеп тұр. Мәскеу, 24 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Собор мешітінің ашылу салтанатында сөйлеп тұр. Мәскеу, 24 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын айыптады. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Мәскеуде ұзақ мерзімге созылған жөндеу жұмыстарынан соң ауқымы кеңейтіліп қайта ашылған Собор мешітінің ашылу салтанатында мәлімдеген.

Өз өзінде Ресей президенті ИМ содырларының «әлемдік ұлы дінді қаралап, исламды қаралап, өшпенділікті өршітіп, адамдарды, солардың ішінде дін қызметкерлерін де өлтіріп, әлемдік мәдениет ескерткіштерін жабайылықпен жойып жатқандарын» айтқан.

Путин Мәскеуде қайта жаңғырған үлкен мешіт «гуманистік идеялар мен исламның ақиқат құндылықтарын тарататын білім ошағы ретінде қызмет ететін болады» деп мәлімдеген.

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті діни мерекелердің бірі – Құрбан айт қарсаңында өткен мешіттің ашылу салтанатына Ресей президентімен бірге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас және басқа да мұсылман елдерінен арнайы шақырылған белгілі саясаткерлер қатысты.

1904 жылы салынған ескі мешіттің орнына кеңейтіліп қайтадан тұрғызылған Собор мешітінің жаңа ғимараты алты деңгейден тұрады. Оның ішіне он мыңдай адам сиятыны хабарланды.

XS
SM
MD
LG