Accessibility links

Сәрсенбайұлы өліміне қатысты апелляцияны сот қанағаттандырмады


Алтынбек Сәрсенбайұлы ісі бойынша сотталған Ерлан Ералиевтің үстінен түскен шағымды қарау сәті. Қарағанды, 27 қазан 2015 жыл.
Алтынбек Сәрсенбайұлы ісі бойынша сотталған Ерлан Ералиевтің үстінен түскен шағымды қарау сәті. Қарағанды, 27 қазан 2015 жыл.

Бүгін Қарағанды облыстық сотының апелляциялық коллегиясы Рысбек Сәрсенбаевтың Ерлан Ералиевтің үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмады.

Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты сотталған «Арыстан» арнайы жасағы қызметкері Ерлан Ералиев 4 тамыз күні Шахтинск қаласы сотының шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан еді. Бұл шешіммен Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек Сәрсенбаев келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Ал бүгін судья Жұмабай Абишев Шахтинск сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сотқа қатысқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, прокуратура өкілдері де сот шешімін қолдады.

Сотқа шағымданушы ретінде Рысбек Сәрсенбаев пен Маржан Аспендиярова қатысты. Ал Ерлан Ералиевтің өзі "жол қаражатын таба алмағандықтан, сотқа Тараздан келе алмады". Оның орнына адвокаты Дана Шаймерденова қатысты.

Ерлан Ералиев Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысы бар деген айыппен 11 жарым жылға сотталған болатын. Ол жазасының тоғыз жылын өтеп шыққан.

XS
SM
MD
LG