Accessibility links

Сот "әйел өртеген" адамды 18 жылға түрмеге кесті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін өртеп өлтірген деген айып тағылған Қанат Сәдуовты қылмысқа кінәлі деп тауып, 18 жылға бас еркіндігінен айырып, жазасын қатаң тәртіптегі қамау мекемесінде өтеуге үкім шығарған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Бұған дейін сот процесіне мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор судьядан айыпкерге дәл осындай мерзімге жаза тағайындауды сұраған.

42 жастағы Қанат Сәдуов сот процесі барысында өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

Биыл мамырдың 26-сы күні Астанадағы мектептердің бірінің жанында денесі өрттен қатты күйген мұғалім әйел ауруханаға жеткізілген соң бірнеше күннен кейін қайтыс болған еді. Бұл қылмыстық оқиға бойныша оның бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланып, Қанат Сәдуов қыркүйек айында туыстарының үйінде тығылып жатқан жерінен ұсталғаны хабарланған.

Сотта туыстарының берген куәліктері бойынша, Сәдуовпен 20 жылдан аса некеде болған Светлана күйеуінен ажырасқан соң балаларымен бірге Астанадағы әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын дағдарыс орталығында тұрған.

XS
SM
MD
LG