Accessibility links

Лондонда Назарбаев пен Блэр кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияда ол елдің бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен кездесті деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қазақстан президенті сайтының дерегінше, кездесуде инвестиция саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен «100 нақты қадам» жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланған.

Батыс басылымдары дерегінше, 2011 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Тони Блэр бұл елден миллиондаған фунт стерлинг ақы алады.

Ұлыбританияға ресми сапармен 2 қараша күні барған Нұрсұлтан Назарбаев сол елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен де кездескен.

XS
SM
MD
LG