Accessibility links

Ақ үй: Синайда A321 терактіден құлаған болуы мүмкін


АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.
АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

Ақ үй Египетте апатқа ұшыраған Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағына теракт жасалған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон ұшақ бортында бомба жарылған болуы «әбден ықтимал» деп мәлімдеген еді.

Бірақ Мәскеу АҚШ пен Ұлыбритания билік өкілдерінің ұшақта жарылғыш зат болғаны туралы болжамдарын үзілді-кесілді қабылдамайды. Ресей билігі бұған қоса британ барлауының теракт қаупі жайлы ақпаратымен бөліспегеніне наразылық білдірді.

АҚШ президенті Барак Обама америкалық радиолардың біріне берген сұхбатында теракт жасалуы мүмкін деген болжамға «ерекше назар бөлу» керегін айтты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Вашингтонда журналистерге АҚШ-тың әзірше ұшақ апаты себептеріне қатысты өз тұжырымын жасамағанын, бірақ терроршылардың шабуылы туралы болжамды жоққа шығармайтынын хабарлады.

31 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке бара жатқан жолаушылар ұшағы апатынан борттағы 224 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG