Accessibility links

Ахметовтің ісі бойынша сотқа куәлердің кейбірі келмей отыр


Серік Ахметовтің сотында куәгерлердің бірі сөйлеп тұр. Қарағанды, 4 қараша 2015 жыл
Серік Ахметовтің сотында куәгерлердің бірі сөйлеп тұр. Қарағанды, 4 қараша 2015 жыл

Экс-премьер Серік Ахметов пен Қарағандының бұрынғы шенеуніктерінің ісі бойынша сотта негізгі 10 куәгер сотта куәлік беруден бас тартты. Куәгерлердің бұл туралы өтініші бүгін Қарағандыда өтіп жатқан сотта оқылды.

Сотталушылардың адвокаты куәгерлердің кейбірін «жауаптары сот материалдары үшін маңызды және көптеген жайтты нақтылауға көмектесетіндіктен» сотқа мәжбүрлі түрде әкелуді талап етеді.

Судья Исламхан Есенбаев кейбір куәгерлердің жауаптарын сотта жариялауға шешім шығарды. Кейбір куәгерлерді сотқа әкелу жайлы мәселе әлі қаралып жатыр деп хабарлайды сот процесінен Азаттық тілшісі.

Ахметов пен Қарағандыдағы бұрынғы жоғары шенді 21 шенеуніктің ісі бойынша сотта Қарағанды облысындағы «Топарские теплицы» компаниясына қатысты соңғы, жетінші эпизод бойынша айыптау ісі қаралып жатыр. Тергеу қортындысында Ахметовтің адамдары «жылыжай кешенімен байланысты бірнеше компания арқылы мемлекет қаржысын жымқырғаны» айтылған.

Экс-премьер мен Қарағандыдағы бұрынғы жоғары шенді 21 шенеуніктің істері бойынша сот процесі биыл тамызда басталған.

XS
SM
MD
LG