Accessibility links

Чехия президенті исламға қарсы шеруге қатысты


Прагада «мақпал революциясына» 26 жыл толуына орай өткен шеру. Чехия, 17 қараша 2015 жыл.
Прагада «мақпал революциясына» 26 жыл толуына орай өткен шеру. Чехия, 17 қараша 2015 жыл.

Чехия президенті Милош Земан елде «мақпал революциясына» 26 жыл толуына орай мұсылмандарға қарсы топ ұйымдастырған шеруге қатысты.

Исламға қарсы пікірімен белгілі Земан Прагада бұл жолы бірнеше мың адамның алдында «мұсылмандар – экстремист емес» екенін мәлімдеді. Шеру 1989 жылы коммунистік режимді құлатқан «мақпал революциясы» бастау алған Карлов университеті қалашығында өтті.

Исламға қарсы блок ұйымдастырған шеруге қатысушыларды оларға қарсы акцияға шыққан демонстранттардан полиция жасағы оқшаулап, жағдайды бақылап тұрды.

Прагада өткен шерулерде мигранттарға қарсы ұрандар айтылып, Париждегі терактілер сөз болды.

Чехия Еуропаның өзге мемлекеттерімен салыстырғанда мигранттарды ең аз қабылдаған елдердің бірі саналады.

XS
SM
MD
LG