Accessibility links

Боснияда қарулы шабуылдан екі сарбаз қаза тапты


Сараево маңындағы шабуыл жасалған букмекерлік кеңсе. Босния, 19 қараша 2015 жыл.
Сараево маңындағы шабуыл жасалған букмекерлік кеңсе. Босния, 19 қараша 2015 жыл.

Босния астанасы Сараево қаласының маңындағы букмекерлік кеңседе 18 қарашада кешкісін бірнеше қарулы адам екі сарбазды өлтіріп, үш бейбіт тұрғынды жаралаған. Босния полициясы бұдан соң қарулы топ жасырынған үйді қоршауға алды.

Полиция өкілі Ирфан Нефичтің хабарлауынша, қарулы топ автобусқа автоматтан оқ атып, терезе сынықтары тиген автобус жүргізушісі мен екі жолаушы зардап шеккен.

Жергілікті ақпарат құралдары шабуылдаушыларды «радикалдық исламшылар» деп сипаттайды.

Бұл оқиғадан соң Босния үкіметі шұғыл жиын өткізді. Бірақ, ресми орындар, тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, шабуылды теракт деп бағалаудан бас тартып отыр.

«Егер мұның терроризм екені расталса, онда біз дереу және тиімді түрде әрекет етуіміз керек» деген Босния қауіпсіздік министрі Драган Мектиш жергілікті ақпарат құралдарына.

Еуропадағы ең кедей елдердің бірі Босния 1990-жылдары Балқан түбегіндегі соғыстан кейін туындаған этникалық және діни бөлінушілікпен әлі күресіп келеді. Босниядағы 3 миллион 800 мың тұрғын халықтың жартысына жуығын мұсылмандар құрайды.

XS
SM
MD
LG