Accessibility links

МАГАТЭ: Иран ядролық бағдарламасын шектей бастады


МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано.
МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано.

БҰҰ-ның атом қуаты жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) Иран өз ядролық бағдарламасын әлемдік державалармен жасасқан келісім аясында шектей бастағанын хабарлады. МАГАТЭ бұл туралы 18 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған есебінде баяндаған.

Иран мен алты держава арасында шілде айында жасалған келісім 18 қазанда мақұлданған. МАГАТЭ есебінде содан бері Иран уран байытуда қолданатын центрифугалар санын азайтқанын хабарлаған.

МАГАТЭ-нің есебінше, Тегеран Натанз бен Фордодағы уран байыту орталықтарында 4500 центрифуганы істен шығарған. Бірақ, Иран өзіндегі центрифугалар санын рұқсат етілген шекке – 5 мыңға түсіру үшін әлі 10 мыңға жуық центрифугасын істен шығаруы тиіс.

Бірақ, МАГАТЭ есебімен таныс дипломаттарға сілтеме жасаған Associated Press агенттігі, істен шығарылған барлық центрифуга қысқа уақытта қайтадан іске қосыла алатынын айтады.

Шілдеде жасалған келісім бойынша, Иран ядролық қару жасауда қолданылуы мүмкін центрифугалар санын қысқартып, байытылған уран көлемін азайтуы тиіс. Осы шарт орындалған жағдайда Иранға салынған халықаралық санкциялар алынып тасталмақ.

XS
SM
MD
LG