Accessibility links

Азаттық Award.kz жүлдесін иеленді


Award.kz 2015 байқауының "Үздік қостілді сайт" сыйлығына ие болған "Әлем" бағдарламасы, Азаттық сайты және Mediana.kz сайтының өкілдері марапаттау рәсімінде тұр. Алматы. 26 қараша, 2015 жыл.

Award.kz 2015 байқауының "Үздік қостілді сайт" сыйлығына ие болған "Әлем" бағдарламасы, Азаттық сайты және Mediana.kz сайтының өкілдері марапаттау рәсімінде тұр. Алматы. 26 қараша, 2015 жыл.

Бүгін Алматыда Азаттық радиосының azattyq.org cайты Аward.kz 2015 ұлттық интернет жүлдесінің "Үздік қостілді сайт" номинациясы бойынша сыйлығын иеленді. Азаттық сайты осы номинация бойынша екінші орын алды.

Жыл сайын берілетін Award.kz ұлттық интернет байқауының биылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлық 25 номинация бойынша белгіленген. Биылғы байқауға 700-ден астам өтініш түскен. Оның ішінде 684 өтініш қабылданып, байқауға қатысушылардың жұмыстары әртүрлі номинация бойынша бағаланған.

Азаттық радиосының сайты мұның алдында 2008 жылы Award.kz байқауының "Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт" және "Масс-медиа" номинациясы бойынша бірінші орнын жеңіп алған болатын.

Қазақстандағы үздік сайттарды анықтауды мақсат тұтатын Award.kz байқауы 1999 жылдан бері өткізіліп келеді.

Award.kz жүлдегерлерін марапаттау рәсімінен фотогалерея:

XS
SM
MD
LG