Accessibility links

Айымбетовтің ғарыш сапары бюджеттен төленеді


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшқаны үшін Ресейге төленетін қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді деп хабарлады бүгін инвестиция және даму миинстрлігі аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

«Айымбетовтің сапарын төлеу мәселесі шешілді. Оның ғарышқа ұшқаны үшін қаржы 2015 жылдың бюджетіне өзгерістер енгенде төленеді. Бүгін Мәскеуде Айымбетовтің сапарын биылғы жылдың бюджетінен төлеу туралы келісім әзірленіп, қол қойылады» деген Астанада жұма күні өткен брифингте Молдабеков.

Оның сөзінше, бүгін Мәскеуде «Байқоңыр» кешеніне қатысты ведомствоаралық комиссияның отырысы өтпек.

Бұған дейін Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшу құны 20 миллион доллар болатыны хабарланған. Бірақ бұл қаржының Қазақстан бюджетінен, болмаса Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алғаны үшін төлейтін қаржы есебінен берілетіні шешілмеген еді.

XS
SM
MD
LG