Accessibility links

Назарбаева мен Байбек FISU президентімен кездесті


Алматыда өтетін қысқы универсиадаға салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы (Көрнекі сурет.)

Алматыда өтетін қысқы универсиадаға салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы (Көрнекі сурет.)

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин Қазақстанға арнайы іссапармен келіп, қаланың 2017 жылғы қысқы универсиадаға дайындығымен танысты.

FISU президенті 9 желтоқсанда Астанада универсиада ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Қазақстан вице-премьері Дариға Назарбаевамен, 10 желтоқсанда Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбекпен кездесіп, Алматының универсиадаға дайындығын талқылаған.

Матыцин кездесу барысында «барлық жарыс Алматыда өтетіндіктен көп жауапкершілік осы қалаға түсетінін» атап өткен. Алматы әкімі Байбек қалада салынып жатқан үш спорт кешені 2016 жылы толық аяқталатынын айтқан.

Алматыдағы қысқы универсиада 2017 жылы 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған. Қысқы универсиаданы ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, жарысқа 55 елден 2000 спортшы қатысады. Қысқы универсиада 13 спорт түрінен өтпек.

Ұйымдастыру комитеті универсиада бюджеті екі есеге қысқарғанын, ұйымдастыру шығындары 17 миллиард теңгені құрайтынын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG