Accessibility links

Ахметов сотында балконнан адам құлады


Қарағанды облыстық соты ғимаратында балконның таянышы қирап, бірнеше адам құлады. 11 желтоқсан 2015 жыл.
Қарағанды облыстық соты ғимаратында балконның таянышы қирап, бірнеше адам құлады. 11 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметов бастаған бұрынғы шенеуніктердің соты өтіп жатқан Қарағанды облыстық соты ғимаратында балконның таянышы қирап, бірнеше адам құлады. Орнынан тұра алмай қалған бір әйел адамды жедел жәрдем көлігі әкетті.

Соттың басты есігі алдында процеске қатысуға келген адам көп болған соң күзетшілер оларды басқа жақтан кіруге шақырған. Бірақ ол маңда да халық жиналып қалып, жұрт бірін-бірі итеріп, ақыры балконның таянышы сынып кеткен.

Серік Ахметовтің үкімі бүгін сағат 16-да шығуы керек еді, бірақ енді 18.00-ге шегерілді.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыпталған. Бұл қылмыстық іс бойынша жалпы саны 21 адам сотқа тартылған. Олардың арасында Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы әкімдері де бар.

XS
SM
MD
LG