Accessibility links

Астана БҰҰ-ның Сирия жайлы қарарын құптады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің (ортада) бастамасы бойынша шақырылған Сирияны қолдау халықаралық тобының кездесуіне қатысқан БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Нью-Йорк, 18 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешу туралы қарар қабылдағанын толық құптайды және жалпы халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың бұл елдегі қантөгіс қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шешімді қадамын қолдайды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі сенбі күні таратқан мәлімдемеде айтылған.

Құжатта Қазақстан, сонымен бірге, келешекте терроризмге қарсы тұра алатын әлемдік желінің бөлігіне айналуға мүмкіндігі бар, БҰҰ жарғысы негізінде террорға қарсы кең ауқымды майдан құру туралы идеяны қолдайтыны айтылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 18 желтоқсанда Нью-Йоркте өткізген отырысында Сириядағы саяси жағдайды бейбіт реттеу туралы қарарды бірауыздан қолдап қабылдаған. Оның алдында Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирияда атысты тоқтату және ұлттық бірлік үкіметін құрудың екі жылға арналған жоспарын қуаттайтын құжат мәтінін мақұлдаған еді. Жоспар бойынша, Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер 2016 жылы қаңтарда басталуы тиіс.

XS
SM
MD
LG