Accessibility links

Қытай: Көшкіннен жоғалғандар саны 90-нан асты


Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет.)

Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет.)

Қытайлық ақпарат құралдары елдің оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында жүрген топырақ көшкіні салдарынан жоғалып кеткен адамдардың саны 91-ге жеткенін хабарлады.

20 желтоқсан күні жүрген көшкіннен соң ғимарат қирандысы астынан жеті адам құтқарылған. Көшкіннен жұмысшылар жатақханасы, зауыттар, кеңселер мен басқа нысандар - барлығы 30-дан астам ғимарат қираған.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, көшкін аумағы 60 мың шаршы метр жерді басып қалған. Көшкін салдарынан жанармай құю станциясында жарылыс болған.

Жергілікті ақпарат құралдары көшкін топырағы соңғы екі жылда жақын аумақта жүрген құрылыс жұмыстары кезінде үйілгенін айтады.

Шэньчжэнь - Қытайдың ең ірі қалаларының әрі негізгі индустриялық орталықтарының бірі.

XS
SM
MD
LG