Accessibility links

Ресейде соғысқа қарсы шыққан жас белсенді қаза болды


Ресейлік жас белсенді Влад Колесников.

Ресейлік жас белсенді Влад Колесников.

Ресейдің Самар облысындағы Жигулевск қаласында 18 жастағы Влад Колесников қаза болды деп хабарлайды жергілікті полиция. Жас жігіттің есімі 2015 жылы маусымда сабаққа үстіне Украина туы мен «Қырым қайтарылсын!» деген жазуы бар жейде киіп келіп, өзі оқитын Подольскіде соғысқа қарсы ұрандар жазып іліп қойған соң көпшілікке танылған еді.

Бұл оқиғадан соң Влад Колесников техникумнан оқудан шығарылған. Арнайы қызмет орындары оны бақылауға алды: полиция қызметкерлері оған келіп, жейдені қайдан алғанын сұраған. Путинді қолдайтын атасы Владты Жигулевскіде тұратын әкесіне жіберген.

Влад Колесниковтың басынан өткен оқиға жұртқа тарап, ол туралы ресейлік және батыс ақпарат құралдары жазды. Жас жігіт көпшілік оқитын блог жүргізіп, Facebook әлеуметтік желісінде бірқатар оппозициялық топтарға қатысты. Бірақ Жигулевскіде Влад туыстарымен тіл табыса алмай, өз құралыптастары тарапынан қысым-қудалауға тап болғанына шағым айтатын.

«Адамдармен қатынас сұмдық ауыр – мені сабайтындарын айтып, маған лай мен қар лақтырды, үнемі қорлап, дәлізде кездескенде шынтақпен нұқып жібереді. Тіпті біреуі бетімнен салып қалды (әйтеуір, қатты емес). Маған полицияға арыздануға болмайды, себебі жаз кезінде олар маған жәрдемдеспейтіндерін сездірген, сөзбе-сөз қайталайтын болсам: «бұл нәрселерің үшін өзім-ақ мұрныңды бет қылар едім...» деген. Жигулевскіде олар маған ойларына келгенін жасай алады. Қайда кетсем екен деп, қиын-қыстау жағдайда жүрмін», - деп жазған еді қараша айында Влад Колесников Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісіне.

25 желтоқсанда дәрі-дәрмекті өте көп мөлшерде ішіп алған Влад Колесниковты ажалдан құтқарып алу мүмкін болмады деп хабарлады полиция Азаттыққа.

XS
SM
MD
LG