Accessibility links

Қырғызстанда тұрғындар тінтуге шағым айтты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысы Базар-Қорған ауданы Арыстанбап ауылындағы кейбір тұрғындар бүгін аудан әкімдігі алдына наразылық акциясына жиналды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне сол ауылдың тұрғыны Жасур Тоқтосунов хабарлады.

«Акцияға жүзге жуық адам қатысты. Олар 31 желтоқсан күні таңертең үйлеріне келген милиция қызметкерлері «экстремистік ұйымдармен байланыста болуларың мүмкін» деген күдікпен еш ескертусіз тінту жүргізді деп мәлімдеді» дейді Тоқтосунов.

Жиналғандар аудан әкімінен милицияның іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған. Наразы тұрғындармен аудан әкімі Таалайбек Долдоев кездесіп сөйлескен соң жиналғандар тарап кеткен.

Бұған дейін Қырғызстан ішкі істер министрлігі желтоқсанның 30-ы мен 31-інде Базар-Қорған және Созақ аудандары мен Жалал-Абад қаласында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілдері діни-экстремистік ұйымдар мүшелерінің үйлеріне жүргізілген тінтулер барысында экстремистік сипаттағы әдебиеттерді тәркілегені туралы айтқан. Сонымен бірге, Қырғызстанның өзге аймақтарында да тінту шараларын жүргізу жоспарланып отырғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG