Accessibility links

Швеция Даниямен арадағы көпірге бақылау орнатты


Мальме вокзалындағы күзет.

Мальме вокзалындағы күзет.

Швеция 50 жылда алғаш рет Мальме мен Дания астанасы Копенгагенді жалғастыратын Эресунн көпіріне шекаралық бақылау орнатты.

Швеция үкіметі бұл қадамға толассыз келіп жатқан мигранттарға тосқауыл қою үшін барған. 2015 жылы Швецияға 160 мың босқын келген.

2015 жылдың соңында Финляндия пароммен келетін жолаушыларға виза режимін енгізген. Көптеген босқындар Германиядан Финляндияға паром арқылы келеді.

Өткен жылы Еуропаға Сирия, Ирак, Солтүстік Африка елдерінен миллионға жуық босқын келген.

XS
SM
MD
LG