Accessibility links

Египетте Мүбәрактың биліктен кеткенін атап өтіп жатыр


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сотта отыр. Каир, 29 сәуір 2015 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сотта отыр. Каир, 29 сәуір 2015 жыл.

Египетте бүгін бұрынғы президент Хосни Мүбәрактің жаппай халық толқулары арқылы биліктен қуылғанына бес жыл толғанын атап өтіп жатыр.

Ел астанасы Каирде бес жылдықты атап өту қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, демократияшыл белсенділер көп шоғырланған қаланың орталығында тексеру жиіледі.

2013 жылы демократиялық жолмен сайланған исламшыл президент Мұхаммед Мурси биліктен құлатылған соң, 2014 жылы генерал Абдел әл-Сиси президент болып сайланған. Әл-Сиси тұсында мыңдаған исламшыл адам мен зайырлы белсенділер түрмеге жабылған.

Екі күн бұрын жасаған мәлімдемесінде Әл-Сиси елде қандай да бір толқу мен тәртіпсіздіктерге қатаң жауап көрілетінін айтқан. 24 қаңтарда 2011 жылғы толқуларды еске алу шарасында әл-Сиси египеттіктер "демократия мен еркіндік құндылықтарын ұстанатын азаматтық, заманауи және дамыған мемлекет құрып жатыр" деген.

XS
SM
MD
LG