Accessibility links

Мәскеуде өрт орнынан сегіз адамның денелері табылған


Стромынка көшесіндегі өрт шыққан ғимарат. Мәскеу, 31 қаңтар 2016 жыл.
Стромынка көшесіндегі өрт шыққан ғимарат. Мәскеу, 31 қаңтар 2016 жыл.

Мәскеудегі Стромынка көшесінде өрт болған жерден сегіз адамның сүйектері табылған. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі айтты деп хабарлады «Интерфакс».

Тігін цехы орналасқан ескі ғимаратта өрт сенбінің кешінде шыққан. Жергілікті уақытпен түнгі сағат бірге қарай сөндірілген өрт аумағы 500 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт салдарынан ғимараттың төбесі құлаған.

«Интерфакс» агенттігіне құқық органдарындағы ақпарат көзінің айтуынша, оттың тұтанған тұсын анықтау белгілеріне қарап, әдейі өрт қойған болуы ықтимал деген жорамал жасалып отыр.

Өрт болған жерден үш адамның денесі табылған соң «Екі және одан көп адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кейін оны «Мүлікті қасақана жою салдарынан абайсызда болған адам қазасы» бабы бойынша қозғауға қайта өзгерткен деп хабарлаған тергеу комитетінің өкілі.

XS
SM
MD
LG