Accessibility links

БҰҰ ҚК Ресейдің Сирия жайлы қарар жобасын қабылдамады


БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр (оң жақта) ресейлік әріптесі Виталий Чуркинмен сөйлесіп тұр. Нью-Йорк, 15 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр (оң жақта) ресейлік әріптесі Виталий Чуркинмен сөйлесіп тұр. Нью-Йорк, 15 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Ресей ұсынған Сирия жайлы қарар жобасы жеткілікті қолдау таппаған соң өтпей қалды. Сирияның егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау туралы талап айтылған қарар жобасына Қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие АҚШ пен Франция қарсылық білдірген.

Ресей әзірлеген қарар жобасында кез-келген атыс және шекараны бұзуды тоқтатып, құрлықтағы әскери бөлімшелерді енгізу жоспарынан бас тарту туралы талап жазылған. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Сирия мен Түркия шекарасында жағдай шиеленісіп, түрік әскерінің Сирияның солтүстігіндегі күрдтер позицияларын атқылауына байланысты Ресейдің өтініші бойынша шақырылған еді.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Саманта Пауэр «одан да Сириядағы қантөгісті тоқтатуға жәрдемдесу үшін Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелері 2015 жылы желтоқсанда бірауыздан қабылдаған қарарды Ресейдің орындағаны жақсы болар еді» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG