Accessibility links

Иранда студенттер концертін шектеу күшейді


Иран студенттері. (Көрнекі сурет)
Иран студенттері. (Көрнекі сурет)

Иран жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) концерттерге жаңа шектеулер қойылды.

Иран мемлекеттік исламдандыру кеңесі ЖОО-лардағы концерттерде "тәуелсіз бағдарламаларға жол берілмейтінін" мәлімдеді.

Бірақ кеңес таратқан нұсқаулықта "ислам шарттарына сәйкес келетін Иранның нәзік, ұлттық музыкасына ғана" рұқсат бар екені жазылған. Кеңес "шариғатқа сәйкес келетін нәзік, ұлттық" музыканың Иран "ұлттық бірлігін күшейтетінін" айтады. Сөйте тұра, нұсқаулық музыканы насихаттау ЖОО-лардың негізгі міндеті емес екенін ескертеді.

Нұсқаулықта музыканың адамның жыныстық ләззатқа құмартуына себеп болмауы керек екені де айтылған. ЖОО-ларда рұқсат етілетін музыкаларды анықтау ережелері Khabaronline.ir сайтына жарияланған.

Бұл ережелер Иран жоғарғы көсемі, аятолла Али Хаменеи ЖОО-дағы концерттерді және қыз-жігіттер аралас баратын лагерьлерді сынағаннан кейін шығып отыр.

XS
SM
MD
LG