Accessibility links

АЕР/АР Азаттықтың Мәскеу бюросына қысымды айыптады


Жұма күні кешке өздерін НТВ телекомпаниясы тілшілеріміз деп таныстырған белгісіз екі ер адам «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» корпорациясының Мәскеу қаласындағы өкілдігінің жетекшісінен жеке басына қатысты мәліметтерге комментарий беруін сұраған. Оларға сұхбат беруден бас тартқанына қарамастан, әлгі адамдар «Азаттық радиосы Орыс қызметінің бұрынғы қызметкерлерінен алдық» деген ақпаратқа қатысты «түсініктеме» беруін талап етіп, пәтер есігінің алдынан кетпей, видеокамераға жазып алуға тырысқан.

«Азат Еуропа/Азаттық радиосы» корпорациясының бас редакторы Ненад Пейич бұл оқиғаны «қорқытып-үркітудің жиіркенішті мысалы» деп атады.

Соңғы жылдары НТВ телеарнасы бірнеше мәрте ресейлік оппозиция өкілдерін, тәуелсіз журналистер мен азаматтық белсенділерді қаралайтын науқан жүргізді. Бұдан бір апта бұрын Ресейдің Екінші телеарнасында «Вести недели с Дмитрием Киселевым» бағдарламасынан көрсетілген сюжетте «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» қызметкерлері Ресей федерациясының мүддесіне қарсы жұмыс істейтін шетел агенттері ретінде сипатталған.

«Азат Еуропа/Азаттық Радиосы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері, Таяу Шығыс пен Ресейге хабар тарататын халықаралық бұқаралық ақпарат құралы. «Азат Еуропа/Азаттық Радиосы» корпорациясының Мәскеудегі бюросы 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

XS
SM
MD
LG