Accessibility links

Роухани Таулы Қарабақ жанжалында ара ағайындық ұсынды


Иран президенті Хассан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани Таулы Қарабақ аймағына қатысты Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыста ара ағайындық міндетін атқаруды ұсынды. Роухани Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения президенті Серж Саргсянмен жеке-жеке телефонмен сөйлесті. Роухани Иран жанжалды саяси диалог арқылы бейбіт шешу үшін кез-келген тетікті іске қосуға дайын екенін айтты.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Роухани Саргсян мен Әлиевті "қақтығысты тоқтатып, шекарада бейбітшілік орнатудың" қолдан келген мүмкіндігін жасауға шақырды. Ол жанжал реттелмесе жағдайды террористер пайдаланып кетуі мүмкін деп ескертті. "Аймақ терең дағдарыспен бетпе-бет келіп тұр. Террористер мен олардың жақтастары бүкіл аймақта жік тудыруға тырысады" деген Иран презиеденті.

Әзербайжан әскері мен Таулы Қарабақтағы Армения қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс 2 сәуірде күрт шиеленіскен. 5 сәуірде тараптар қақтығысты тоқтатуға келіскен. Тегеран қақтығыстың өршіп, адам шығыны артуына байланысты алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG