Accessibility links

Гройсман Украинаның жаңа премьері болды


Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман. Киев, 14 сәуір 2016 жыл.

Украинаның жаңа премьер-министрі Владимир Гройсман. Киев, 14 сәуір 2016 жыл.

Украина парламенті парламент спикері Владимир Гройсманды жаңа премьер-миинстр етіп тағайындауды мақұлдады. Оның кандидатурасын депутаттардың көпшілігі - 257 депутат қолдап дауыс берді. Гройсманды Петр Порошенко блогы фракциясы мен "Халықтық майдан" партиясының депутаттары қолдады.

Гройсман бұған дейін парламентте өзі басқаратын жаңа үкімет коррупцияға төзбейтінін және Еуропамен байланысты нығайтуға күш жұмсайтынын мәлімдеген.

"Мен біз тап болған қауіп-қатерді түсінемін. Мен бізге төнетін үш қауіп - коррупция, тиімсіз басқару мен популизмді ерекше айтқым келеді. Бұлар бізге Украина шығысындағы жауларымыздан кем қауіп төндірмейді" деген Гройсман.

Президент Петр Порошенко парламентте коррупциямен күрес Украинадағы инвестициялық жағдайды жақсартудағы басты өлшем саналатынын айтты.

Бұған дейінгі премьер-министр Арсений Яценюк 10 сәуірде коррупциялық дауға байланысты отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG