Accessibility links

Нидерланд парламенті Киевпен ассоциацияны қолдады


Амстердамда Украинамен ассоциация туралы келісімге дауыс беріп тұрған нидерландылық. 6 сәуір 2016 жыл.
Амстердамда Украинамен ассоциация туралы келісімге дауыс беріп тұрған нидерландылық. 6 сәуір 2016 жыл.

Нидерланд парламенті Еуропа Одағының Украинамен ассоциация орнату туралы келісімінен бас тарту ұсынысын қолдамады. Парламент Социалистік партияның ЕО-ның Украинамен ассоциациясы туралы келісімін мақұлдаудан бас тарту ұсынысын қабылдамай тастады.

Парламенттің төменгі палатасындағы 150 депутаттың 75-і келісімнен бас тарту ұсынысына қарсығ 71-і қолдап дауыс берді. 6 сәуірде Нидерландыда өткен референдумда сайлаушылардың 61 пайызы келісімге қарсы дауыс берген. Бірақ ол референдумның заңдық күші болмады.

Келісімді ЕО-ның өзге 27 мемлекеті мақұлдап қойған. Нидерланд парламентінің қос палатасы да келісімді өткен жылы ратификациялап қойғандықтан қазір ол Нидерландының өзінде ішінара күшіне енген.

XS
SM
MD
LG