Accessibility links

Нидерланд соты ЮКОС-қа қатысты сот шешімін жойды


Таратылған ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.
Таратылған ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.

Нидерланд соты Халықаралық арбитраждық сотының Ресейді таратылған ЮКОС компаниясының бұрынғы акционерлеріне 50 миллиард доллар төлеуді міндеттеген шешімін жойды.

Гаага аудандық соты 20 сәуірде Халықаралық арбитраждық сот Ресей қол қойғанымен, ешқашан мақұлдамаған келісімді дұрыс түсінбеген деген шешім шығарды. Сот ұйғарымынша, ол келісім ЮКОС-тың бұрынғы иелеріне өтемақы төлеуге міндеттеуге жарамайды.

Гаагадағы арбитраждық сот 2014 жылы Мәскеу 2003 жылы ЮКОС-ты бақылауға алып, оның Кремльді сынайтын басшысы Михаил Ходорковскийді қудалау үшін салық төлеуден жалтарды деген айып тақты деп таныған.

Бұдан соң бірнеше ел Ресей мемлекеттік компанияларының активтерін бұғаулаған. Ал ЮКОС-тың бұрынғы төрт акционеріне тиесілі GLM холдинг компаниясы өтемақы өндіріп алуға тырысқан.

Нидерланд сотының бүгінгі шешімінен соң ЮКОС-тың бұрынғы акционерлері өтемақы өндіріп алу күресін жалғастыра беретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG