Accessibility links

Таулы Қарабақта екі сепаратист оққа ұшты


Таулы Қарабақтағы армян әскерилерінің майдан шебі. 8 сәуір 2016 жыл.

Таулы Қарабақтағы армян әскерилерінің майдан шебі. 8 сәуір 2016 жыл.

Таулы Қарабақтағы Армения қолдайтын сепаратистік күштер бүгін таңертең Әзербайжан жағының оқ атуынан екі жақтың майдан шебінде екі сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Әзербайжан қорғаныс министрлігі бүгін өткен тәулікте сепаратистер шептерін жүзден астам рет атқылағанын растады. Министрлік оқ Армения қолдайтын күштердің бітімді бұзуына жауап ретінде атылғанын айтады. Баку бұған қоса сепаратистер Әзербайжанның Тертер қаласы мен оның айналасын минометтерден, дүркіндете ататын зеңбіректер мен гранатометтерден атқылағанын айтады.

Әзербайжан мен Армения арасында 1990 жылдардың басында Таулы Қарабақ аймағына қатысты соғыс болып, кейін бітім жасалған. Негізінен этникалық армяндар тұратын территория 1988-1994 жылдардағы соғыста Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған. Соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

Таулы Қарабақта Әзербайжан әскері мен Армения қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс биыл 2 сәуірде күрт шиеленіскен. 5 сәуірде тараптар қақтығысты тоқтатуға келіскен еді.

XS
SM
MD
LG