Accessibility links

Асхат Дауылбаев конституциялық кеңес мүшесі болды


Конституциялық кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев.

Конституциялық кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев.

Парламент мәжілісі бұрынғы бас прокурор Асхат Дауылбаевты конституциялық кеңес мүшесі етіп тағайындады. Дауылбаевтың кандидатурасын мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынған.

Дауылбаевты тағайындағанға дейін депутаттар конституциялық кеңес мүшесі Ілияс Бақтыбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылдаған. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Бақтыбаев өкілеттігін тоқтатуға "өзі өтініш берген". Ол бұл қызметті екі жыл атқарған.

Асхат Дауылбаев бас прокурор қызметін бес жылдан астам уақыт атқарған. 25 сәуірде оны Қазақстан президенті қызметінен босатқан. Бұдан бір күн бұрын Атырауда жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы мыңдаған адам қатысқан митинг өткен. Жаңа бас прокурор Жақып Асановты таныстырған президент Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура азаматтарға олардың құқығы мен Қазақстанда қабылданып жатқан заңдарды, оның ішінде жер кодексіндегі ережелерді түсіндіруі тиіс деген.

XS
SM
MD
LG