Accessibility links

Рақышев "Казкоммерцбанк" директорлар кеңесін басқарды


"Казкоммерцбанктің" ірі акционері Кеңес Рақышев.
"Казкоммерцбанктің" ірі акционері Кеңес Рақышев.

"Казкоммерцбанк" директорлар кеңесінің төрағасы болып банктің ірі акционері әрі директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышев сайланды. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рақышев бұл қызметте Марк Хольцманның орнын алмастырады. Хольцман директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді және банктің басқарма құрамына төраға ретінде кіреді.

Кеңес Рақышев өткен жылдың соңында Қазақстандағы ірі банк - "Казкоммерцбанк" акциясының бақылау пакетіне ие болған. Өткен аптада "Казкоммерцбанк" Кеңес Рақышев Нұржан Субханбердин мен Орталық Азия инвестициялық компаниясынан банктің жай акцияларын сатып алғанын хабарлаған. Банк мәліметінше, сатып алу келісімінен кейін Рақышевтің бақылауындағы акцияның жалпы үлесі 71,23 пайыздан асқан.

Кеңес Рақышев қазіргі қорғаныс министрі әрі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың байырғы серіктерінің бірі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы. Ол саясаткердің үлкен қызы Әсел Тасмағамбетоваға үйленген.

XS
SM
MD
LG