Accessibility links

Тоқаев: Жер кодексі талабын сақтап орындау керек


Қазақстан сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев

Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге қатысты заңның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс деп мәлімдеді.

Парламентте сөйлеген Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан билігіне ауылшаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтынына сендіріп қана қою аз. "Біз бұл маңызды жайттың іске асуын құқықтық және басқа да жолдармен қамтамасыз етуіміз тиіс" деді Тоқаев.

Тоқаев Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға болатын қосымша ауқымды жерді резервте сақтап отырғанын айтады. Өндірістік айналымға қосымша ондаған миллион гектар жер бөлінуі мүмкін екенін айтқан спикер алда жер кодексіне енгізілген өзгерістердің мәнін түсіндіру бойынша үлкен жұмыс істелуі керегін мәлмдеген.

Қазақстандағы жерге қатысты дау наурыздың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың шілденің 1-інен бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатыны туралы мәлімдемесінен соң басталған. Сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында мыңдаған адам қатысқан рұқсат етілмеген митинг өтіп, жиналғандар жер кодексіндегі өзгерістерге наразылық білдірген. Сәуірдің 27-сі Ақтөбе мен Семей қалаларында данаразылық жиындары өткен.

Сәуірдің 28-і күні Ақтаудағы Ынтымақ алаңында ондаған адам жиналып, жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы пікірлерін білдірген. Жарты сағаттай ғана уақытқа созылған рұқсат етілмеген бұл жиынды полиция таратып жіберді.

XS
SM
MD
LG