"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының төрт жақтасы 9 мамырда Душанбеде жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Тәжікстан ішкі істер министрлігі.
Тәжік министрлігінің дерегінше, Кубадиян ауданы Навбахор ауылының 22 жастағы тұрғыны Достон Менгликулов Ресей билігінің ақпараты негізінде 6 мамырда Душанбе әуежайында ұсталған. Өзге үш күдікті Тәжікстанның оңтүстігінде қолға түскен.
Ресей полициясы 2 мамырда Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан барған бірнеше мигрантты "ИМ басшыларының бұйрығымен Мәскеуде теракт жасамақ" деген күдікпен ұстаған.