Accessibility links

"Nakanune.kz ісі": Сот банк тартқан шығын мәселесін қозғады


Гузяль Байдалинова, журналист. Алматы, 16 мамыр 2016 жыл.

Гузяль Байдалинова, журналист. Алматы, 16 мамыр 2016 жыл.

Алматыда өтіп жатқан оппозициялық Nakanune.kz сайтындағы "Казкоммерцбанкке" қатысты көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату ісі бойынша сот процесінде таңертеңнен бері куәгерлерден жауап алынады деп күтілген. Бірақ судья Нариман Бегалиев күтпеген жерден сотталушы, кәсіпкер Тайыр Қалдыбаевтың әрекетінен "Казкоммерцбанкке" келген шығын мәселесіне қайырылды. Қалдыбаев бұл істе банк беделіне нұқсан келтіретін мақалаларға тапсырыс беруші сотталып жатыр.

Қалдыбаевтан қайтара жауап алу кезінде судья одан "Казкоммерцбанк" есепшотына 144 миллион 235 мың теңгені қашан және не үшін салғаны туралы сұрақ қойды. Қалдыбаев қаңтардың басында адвокаты Ілияс Әміртаев банкпен келіссөз жүргізіп, 14 қаңтарда банкке 18 миллион теңге аударғанын айтты. Оның сөзінше, екі күннен соң банктен ақша түскені және банктің өзәне қатысты ешқандай талап-тілегі жоғы туралы хат келген.

Бірақ екі күннен соң банк басқа хат жіберген. Онда алғашқы хаттың қайтарып алынатыны және жиыны 144 миллион 235 мың теңге өндіру туралы басқа шағымы бары айтылған. Қалдыбаевтың сөзінше, ол банктің бұл талабын да қанағаттандырып, 22 ақпанда адвокаты Әміртаев банк есеп шотына 126 миллион 235 мың теңге аударған.

Судья сотқа қатысып отырған "Казкоммерцбанк" өкілдері Ердос Әбікеев пен Альмира Алипиновадан шығын толық өтелсе, банк не себепті шағымын қайтарып алмағанын сұрады. Альпинова төленген сома әзірге банктің "транзиттік есеп шотында тұрғанын" және ол жауап беруші жақтан төлеген қаржысын қайтарып беру туралы хат түскендіктен банкке аударылмағанын айтты.

Қалдыбаев осыған байланысты сотқа мұндай хат болғанын, бірақ ол банк талап еткен барлық соманы төлегеніне қарамастан шағымын қайтарып алмағандықтан қайтарылған жауап болғанын айтты. Ал "Казкоммерцбанк" өкілдері судьяның банк Қалдыбаев талап етілген қаржыны толық төлегеніне жауап бермеді деген сұрағына жауап беруге өкілетті емесін мәлімдеді.

Судья Қалдыбаевтан банкке төлеген ақшасын қайтарып алмайтынын және банктен талап-арыз толық орындалды сұрайтынын растайтыны туралы сұрады. Қалдыбаев растайтынын айтты. Бұдан соң судья оған түстен кейін басталатын сотқа дейін сотқа жазбаша хат тапсыруды сұрады. Судья сонымен қатар банк өкілдеріне соңғы сот отырысына банк өкілінің қатысуын қамтамасыз етіп, банктің Қалдыбаев жазатын хатқа қатысты ұстанымын білдіруді тапсырды.

Бұл іс бойынша Nakanune.kz иесі әрі редакторы Гузяль Байдалинова да сотқа тартылып жатыр. Алматылық бірнеше журналист бұл іс бойынша куәгер ретінде сотқа қатысуда.

XS
SM
MD
LG