Accessibility links

Назарбаев бас прокурормен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Астана, 24 мамыр 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Астана, 24 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бас прокурор Жақып Асановпен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асанов кездесуде Назарбаевқа "прокуратура органдарының қазіргі және алдағы жоспарлары мен елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы" туралы баяндаған. Назарбаев прокуратураға "қоғам мен мемлекеттің барлық саласында азаматтардың құқығын қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін" айтқан.

Бас прокурор мен Назарбаевтың кездесуі Қазақстанда құқық қорғау органдары "жер мәселесіне қатысты" митинг өткізу әрекетінің алдын алып, жүздеген адамды тұтқындағаннан төрт күннен соң өткізіліп отыр. Мұның қарсаңында жер реформасы мен митингіге қатысты пікір білдірген 30-ға тарта белсенді мен әлеуметтік желі қолданушысы қамалған.

Жақып Асанов прокурор қызметіне бір ай бұрын - бұрынғы прокурор Асхат Дауылбаев отставкаға кеткен соң тағайындалған. Дауылбаев бас прокурор қызметін 5 жыл атқарған. Бас прокурор Атырауда ауылшаруашылығы жерлерінің сатылуына және шетелдіктерге ұзақ мерзңмге жалға берілуіне қарсы жүздеген адам қатысқан митинг өткен күннің ертеңінде ауысқан.

XS
SM
MD
LG