Accessibility links

Жанармай сататын үш компанияға айыппұл салынды


Алматыдағы "Helios" компаниясыынң жанармай құю станциясы (Көрнекі сурет).

Алматыдағы "Helios" компаниясыынң жанармай құю станциясы (Көрнекі сурет).

Жанар-жағармай сатумен айналысатын "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Helios" және Sinooil компанияларына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті. Ведомство мәліметінше, компанияларға айыппұл 2015 жылы қыркүйекте жанармай бағасын қымбаттатқаннан кейін жүргізілген тергеуден соң салынған.

Комитеттің хабарлауынша, Астана қалалық әкімшілік сотына "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясына 88 миллион теңге айыппұл салған. Компания "АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағаларын қымбаттатып, ұстап тұру туралы бәсекелестікке қарсы келісілген әрекет жасағаны" үшін жауапқа тартылған.

Алматы қалалық соты да "Helios" пен Sinooil компанияларына осындай айыппен айыппұл салуға шешім шығарған. Комитет ақпаратына қарағанда, екі компания бюджетке монополиялық табыс және айыппұл түрінде жиыны 94 миллион теңге төлеген.

XS
SM
MD
LG