Accessibility links

Ауғанстанда талибтер 12 қауіпсіздік қызметкерін өлтірген


Ауғанстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ауғанстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ауғанстан билігі өкілдері "Талибан" қозғалысының содырлары таяуда елдің шығысындағы Газни уәлаятында торуылға алып қолға түсірген қауіпсіздік күштерінің 12 қызметкерін өлтіргенін мәлімдеді. Ал полицияның мәліметінше, Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятында 8 маусымда "Талибан" содырлары уәлаяттың әкімшілік орталығына жақын жолда кетіп бара жатқан автобусты тоқтатып, оның 40 жолаушысын ұрлап әкеткен. Соңғы екі аптада бұл уәлаятта екінші рет автобус жолаушыларын ұрлап отыр.

Полицияның баспасөз хатшысы Мафузулла Акбари автобустың жеті жолаушысы содырлардан жасырынып үлгерген.

Әскери барлау қызметкері Гулам Мохаммад Тахири кеше содырлар өлтірген 12 қауіпсіздік қызметкерінің жетеуі полиция, үшеуі әскери және екеуі арнайы қызметтің қызметкері екенін айтады. Оның сөзінше, бұл 12 адамды талибтер Андар ауданында жергілікті тұрғындардың көзінше өлтірген. Газни уәлаяты полициясының баспасөз хатшысы Джавид Саланги талибтер қауіпсіздік қызметкерлерін өткен аптаның соңында уәлаяттың түрлі ауданынан ұрлап әкеткенін айтады.

XS
SM
MD
LG